Көн етік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көн етік - көн теріден тігілген етік.

Көн етік туралы

Ілгері уақытта егін суарғанда, сулы жерлерді кешіп өткенде, балық аулауда, аңшылар тау-тасты, бұталы жерді аралағанда аң аулауға киетін аяқ киім. Көн етік суыққа төзімді қалың етіп тігіледі, су өткізбейді. Көн етіктің шегірен етік сияқты өкшесі болмайды, басы мен қонышы сыздықталып бекітілмей тұтас пішіледі. Кен етікті кейбір жерлерде "шоқай" деп те атайды. <ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 35 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>