Көнек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көнек - 1) ыдыс. Көнек түйенің терісінен жасалады. Әдетте, көнектің үстіне геометриялық зооморфтық, мүйіз, өсімдік тәріздес, т.б. ірі оюлар түсіріледі. Теріні көнек пішініне келтіріп, тігіп, ішін сабанмен кептеп қойып, кепкен соң сабанды алып, тезек шоғының түтініне ыстайды. Көнек бие саууға қолданылатын ыдыс. Көнектің кейбір түрлері бие сүтін сақтау үшін де қолданылады. 2) Алғаш құда түсіп, құйрық-бауыр жегенде құдалар жасайтын кәде. Құда түсе келгенде қыз ауылындағы біреу ”Көнек” деп шелекті іліп қойып, тоқылдатып, “Көнегімді” бер деп, келген құдалардан кәдесін алған. Тарту-таралғыны көп берсе, Көнекке көңілі тояды, егер көнекке көңілі толмаса “көнекті” шайқаймын, ішіндегі суы төгіледі” деген бопсамен әзілдеп, кәдесін алады. Мұны көнекке салар деп те атайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}