Көмір қалыптасу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмір қалыптасу - өсімдіктердің көмірге айналуының екі сатылы процесі;

  • бірінші саты — өсімдік қалдықтарының жинақталып, биохимиялық факторлар әсерінен шымтезекке айналуы;
  • екінші саты — шөгінді тау жыныстарымен көмкеріліп, жер қойнауларында қалған шымтезек кабаттарының ұзақ уақыт бойғы физикалық-химиялық процестер (қысым мен температура) әсерінен әуелі қоңыр көмірге, ал қойлайлы жағдайларда тас көмірге (антрациттерді қоса) айналуы.

Көмір қойнауқаты

Бір-біріне бойлас екі жазықтықтың, не табаны мен жабынының арасындағы көмірлі заттар шоғыры. Бұл шоғыр құрамында көмір қабатшаларымен қатар көмірлі-минералды шөгінділер де ұшырасуы ықтимал.

Көмір маркасы

Көмірдің өндірісте қолданылу бағытын анықтайтын шартты белгілер жиынтығы. Көмірдің технологиялық сапасы оның көмірлену дәрежесіне ғана емес, петрографиялық құрамына да тікелей байланысты. Қоңыр көмірдің ең басты маркалану параметрі — көмір құрамындағы табиғи ылғал мөлшері, көмірдің ыстық массасына шаққандағы қарамай шығымдылығы; тас көмірдің басты-басты маркалану параметрлері —көмірдің ыстық массасы есебінен шыққан ұшпа заттардың мөлшері, созылмалы қабат калыңдығы және үшпалардан арылған қалдықтар сипаты; антрацитгердің маркалану параметрлері — ұшпа заттардың көлем және масса мөлшері, сол сияқты антрациттің жану жылылығы

Көмірді жер астында газға айналдыру

Көмірді тікелей көмірлі кенорын массивінде жартылай жағу жолымен жанғыш газдар алу. Алынған газдар отын және химия өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады.

Көмірдің бітімі

Көмір құрамбөліктерінің олардың өлшеміне, пішініне және заттық құрамына тәуелсіз орналасуы (таралуы). Ең көп кездесетіні — қабатты және шомбал, ал аз кездесетіні — біркелкі, түйірлі және парақты бітім. Көмірдің бітімі органикалық заттың жиналу жағдайы мен диагенетикалық процестерге байланысты.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub