Көмір институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмір институты , Шығыс ғылыми-зерттеу институты мен Бүкілодақтық көмір институтының бөлімшелері негізінде 1952 жылы құрылды. 1972 жылдан Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық көмір институты деп аталды. Құрамында 27 лаборатория, 5 бөлім, эксперименттік құрал-жабдық зауыты және Ортаазиялық бөлім (Ташкент қаласы) болды. Еліміздегі аса қалың көлбеу көмірлі қабаттарды игеру технологиясы мен техникасын жетілдіру жөніндегі салалық жетекші институт болып саналды. Қарағанды көмір бассейні мен Орта Азия көмір шахталарының озық техникамен жабдықталу деңгейін көтеруге септігін тигізді. Көмір институтының ұйымдастырылуы және қалыптасу жолдары Ә.С.Сағынов, Ю.Л.Худин, М.М.Мұқышев т.б. ғалымдар мен мамандардың еңбегімен тығыз байланысты. Көптеген ғылымының докторы, ғылыми канд-тары даярланды. Мұнда А.Л.Ижевский, М.Ә.Ермеков т.б. ғалымдар еңбек етті. 1997 жылы «Қазкөмір ҒЗИ» АҚ болып қайта құрылды.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көмір институты|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}