Көмір битумдары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмір битумдары – термин көмір химиясында екі мағынада пайдаланылады: 1) тар мағынада — битум терминінің эквиваленті; 2) кең мағынада көмірлерден айырып алынатын заттарға қолданылады.

Көмір білінімдері

Көмірлілік дәрежесі беймәлім өңірдің бір немесе бірнеше нүктесінен ұшырасқан қазба көмірдің жекелеген ашылымдары.

Көмір геохимиясы

Көміртуралы ғылымның бір саласы; генетикалық типі әр түрлі көмірлердің химиялық құрамы мен қасиеттерінің, олардың геологиялык факторлар әрекетінен жаралуы мен озгерулерінің проблемаларын қамтиды. Көмір геохимиясы бірқатар ғылым салаларымен (ботаника, биохимия, микробиология, шымтезектану, геология, көмір петрографиясы) тығыз байланысты.

Көмір ингредиенттері

Көмірлердің кұрамдас бөліктері; жай көзбен немесе микроскоп астында анықталады, қабаттастыгы бойынша созылған ұзынша линза, жолақ немесе қабатша пішінді. Макроингредиенттерге және микроингредиенттерге бөлінеді. Көмір ингредиенттері қарапайым (фюзен, витрен, кларсн, дюрен) және күрделі (дюрен-кларен, фюзен-семифюзен, т.б.) болады. Ингредиенттердің аракатынасы бойынша көмірлердің петрографиялық типтерін бөледі.

Көмір кенорны

Геологиялык дене, құрамында өнеркәсіптік мәнге ие лигнит, қоңыр көмір немесе тас көмірқабаттары (жатындары) бар таужыныстардан тұрады, алып жатқан ауданы жүздеген км²-ге дейін. Оқшау орналасуы немесе көмір алабының бөлігі болуы мүмкін.

Көмір қабаты

Бір немесе бірнеше физикалық, петрографиялық және химиялык белгілері бойынша ажыратылатын көмір қабатының бөлігі. Құрылысы біркелкі болған кезде көмір будасына немесе көмір будасына немесе көмір қабатына толық сәйкесіне келеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub