Көмірсутектер мен олардың галогентуындыларының арасындағы генетикалық байланыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмірсутектермен танысуды бастағанда, құрамы екі элементтен — көміртек пен сутектен тұратын қосылыстардың түрлері сан алуан және олардың санының орасан көп.

Қанықпаған көмірсутектердің арасында құрамында бірнеше қос байланысы немесе бірнеше үш байланысы бар қосылыстар, сол сияқты молекуласында әрі қос байланысы, әрі үш байланысы бар қосылыстар да болады. Молекула құрамында бірнеше бензол ядросы болатын қосылыс түрлері де бар.

Көмірсутектер түрлерінің сан алуандығы мен санының көптігі енді түсінікті болды. Бұл құбылыстың басты себебі, көміртек атомының ерекше қасиетіне байланысты екен. Көміртек атомы өзара тізбектеліп тe, тармақталып тa, цикл түзе де жалмасумен қатар, жай (дара), еселі (қос және үш) байланыстар арқылы қосылыстар түзетінін білдіңдер.

Органикалық қосылыстардың изомерлену және гомологтық қатарлар түзу құбылыстарымен таныстыңдар. Сонымен қатар әр гомологтық қатар көмірсутектерін жеке қарастырмай, олар өзара тығыз байланыста екендігіне, бір-біріне айнала алатынына, яғни генетикалық байланыста болатынына көз жеткіздіңдер. Көмірсутектер гомологтық қатарларының және олардың галогентуындыларының бір-біріне айналуын мынадай сызбанұсқа арқылы бейнелеуге болады: Көміртек галогентуындылары

<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Химия

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көмірсутектер мен олардың галогентуындыларының арасындағы генетикалық байланыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}