Көмірлердің генетикалық жіктемесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көмірлердің генетикалық жіктемесі — органикалық заттардың көміржаралудың бірінші сатысында өтетін түрлену процестерін ескеріп жасалған жіктеме. Потанье (1908) барлық қазба көмірлерді бастапқы материалы бойынша гумиггерге, липтобиолиттерге және сапропелиттерге бөлген. Жемчужников (1935) Потанье ережелерінің негізінде Көмірлердің генетикалық жіктемесінің нұсқасын жасады, оны Гинзбург (1960, 1962) нақтылады. Бұл жіктемеде бастапқы жапырақ және т.б. бөліктерінің заты, бастапқы материал жиналған физикалық- географиялық жағдайлар, ландшафт ерекшеліктері, өртаның физикалық-химиялық (гидрохимиялық) және микробиологиялық ерекшеліктері мен оның нәтижесі — өсімдік затының ыдырау процесі ескерілген. Бұл жіктемеде көмір топтары, оның петрографиялық типтері бөлінген. Барлық бөліктемелерде қазба көмірлердің құрылымы, олардың жылтырлығы мен бітімі ескерілген. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub