Көліктегі қылмыстар
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көліктегі қылмыстар (ағыл. transport crimes) - Қылмыстық заңнама бойынша - қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түрлерінің бірі.
Оларға мыналар жатады:
- темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу;
- көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы;
- жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу;
- көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралдарын жүргізуге жіберу;
- көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру;
- көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу;
- пойызды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату;
- көлікте қолданылатын ережелерді бұзу;
- магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;
- труба құбырларын закқмдау немесе қирату;
- кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі;
- ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}