Көлкентөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көлкентөбе - көне қалашық орны. Сайрам ауданы, Шіркін ауылы маңында. 1979 ж. Шымкент пед. институты экспедициясы археология тобы (жетекшісі А.Н.Подушкин) зерттеген. Айнала өлшемдері 140х100х120х120х 100 м, солтүстік жағы көлге қараған, басқа жақтарының периметрі бойынша ені 15—12 м терең ор қоршап жатқан бесбұрыш іспетті. Ескерткіштің жоғарғы жиегі бойынша биіктігі 2 метрге дейін жететін дуал түріндегі қамал қабырғасының қалдықтары байқалады; орталығында тереңдігі 1,5—2 метрге дейін жететін ойыс бар. Қала орнының шығыс бөлігінде, ордың сыртында да осындай дуалдар бар. Қамал қабырғасының бұрыштарында биіктігі шамамен 1—1,3 м, диаметрі 4—5 м төбешік тәрізді дәндер (мұнаралардың қалдықтары) кездеседі. Қаланың орталық кіре берісі оның оңтүстік жағына орналасқан. Ежелгі қалашықтың ішкі алаңы ішінара жыртылып тасталған, оны жыралар мен қазіргі құрылыстар бұзған. Табылған керамикалық материал — темір және бертінгі орта ғасыр заманындағы қыш астаудың, тостаған, кесе, қыш құмыра сынықтары; көпшілігінің әшекейінде сапасы жақсы көгілдір жалатқаның әр түрлі реңкті, көркем суреттері басым. Салынған өрнегі "жүзім сабағынан", күн таңбаларынан, жан-жаққа таралған жапырақтардан, айқыш сызықтардан тұрады. Бүйіріне ою салынған хумдардың сынықтары кездескен. Қарахан заманындағы жалатпа ыдыстың ұсақ бөліктері табылған. Алынған материалдар к-ні халық 10—17 ғасырларда мекендегенін, олар егін егіп, мал өсірумен айналысқандығын анықтайды.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көлкентөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}