Көлкенттөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көлкенттөбе (10 – 17 ғасырлар) – Қазақстандағы көне қала орны. Шіркін ауылына жақын, шағын бұлақтың сол жақ жайылмасы үстіндегі тепсеңде. Шымкент педагогика институты археология отрядының экспедициясы 1979 жылы зерттеген (А.Н. Подушкин). Айнала өлшемдері 140x100x120x120x100 м, солтүстік жағы көлге қараған, басқа жақтарын периметрі бойынша ені 15 – 12 м терең ор қоршап жатқан бұрыс бесбұрыш іспетті. Ескерткіштің жоғарғы жиегі бойынша биіктігі 2 м-ге дейін жететін дуал түріндегі қамал қабырғасының қалдықтары байқалады; орталығында тереңдігі 1,5 – 2 м-ге дейін жететін ойыс бар. Қала орнының шығыс бөлігінде, ордың сыртында да осындай дуалдар бар. Қамал қабырғасының бұрыштарында биіктігі шамамен 1 – 1,3 м, диаметрі 4 – 5 м төбешік тәрізді дөңдер (мұнаралардың қалдықтары) кездеседі. Қаланың орталық кіре берісі оның оңтүстік жағына орналасқан. Ежелгі қаланың ішкі алаңы ішінара жыртылып тасталған, оны жыралар мен қазіргі құрылыстар бұзған. Табылған керамикалық материал – темір және бертінгі орта ғасыр заманындағы қыш астаудың, тостағанның, кесенің, қыш құмыраның әшекейінде сапасы жақсы көгілдір жалатпаның әр түрлі реңкті, көркем суреттері басым. Әшекейі «жүзім сабағынан», күн таңбаларынан, жан-жаққа таралған жапырақтардың, айқыш сызықтардан тұрады. Бүйіріне ою салынған хұмдардың сынықтары кездескен. Қарахан заманындағы жалатпа ыдыстың ұсақ бөліктері табылған. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>

Сілтемелер

<references />


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көлкенттөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}