Көкшіл лағат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Көкшіл лағат (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасының лағат туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 50-120 см, кішігірім тығыз шым қабатын түзе өседі.
  • Сабағы тегіс, өте қысқа төменгі және ұзынша жоғарғы буынаралықтан тұрады.
  • Жиекті жапырақтары сабақтың түбінде ғана болады, үстіңгі жағы түкті, ұзындығы 3-9 мм.
  • Сыпыртқыгүл шоғыры жіңішке әрі ұзын, ұзыдығы 1530 см, ені 1-6 см. Масағы 2-5 гүлді, қошқыл күлгін түсті. Масақ қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, сыртында қабығы бар, доғал немесе қысқа үшкір ұшы болады.
  • Гүл қабыршақтарының ұзындығы 3-5 мм, ұшына қарай доғалданып келген. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін ареалы

Лағаттың (Molinia) 5 түрі бар, олар Еуропада, Кавказ тауларында, Батыс Сібірде, Кіші Азияда кездеседі. Қазақстанда тек көкшіл лағат түрі сортаң топырақты шалғындар мен ормандарда, бұта арасында өседі. Тобыл-Есіл жазығында, Каспий маңында, Жем өзені алабында кездеседі. Құнарлы мал азықтық дақыл, бірақ жас өскіні жеміс бергенге дейін улы болып саналады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>