Көкшетау кітапханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы»

Көкшетау облыстық кітапханасы 1946 жылы құрылған. Типтік екі қабатты, кірпіш ғимарат 1971 жылы салынған. 1992 жылдан бастап Мағжан Жұмабаевтың атымен аталып келеді. Жалпы көлемі – 2997,9 кв.м., негізгі көлемі – 1568.2 кв.м.. Баланстық құны – 76042104 теңге. Баспасөз клубы, Интернет залы ашылды, екінші қабатта көрме және оқырмандарға демалыс залы орналастырылды. Кітап қоры - 330133 дана, оның ішінде 54790 дана мемлекеттік тілде. Штаттық бірлік – 71, жоғарғы біліммен – 50, оның ішінде кітапханалық қызметкерлер – 42. Кітапханалық жоғары – 30 адам, орта кітапханалық білімімен – 7. 1985 жыл кітапхананы компьютермен жабдықтай бастаудың бірінші кезеңі болды, 1994 жылы «РАБИС» бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу», «Каталогизатор», «Поиск-Іздеу», «Заказ-Тапсырыс» модульдері енгізілді. Транспорттық құралдар саны -1 (Газель – баргузин). Қаржыландыру: 2008 – 41080, 0 мың т. 2009 жыл – 42513,0 мың т. 2010 жыл – 49186,0 мың т. Директор: Бердалин Арман Тілектесұлы, 1983 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетінде оқып білім алған. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры. Танымал ақын, республикалық айтыстардың жеңімпазы, «Қазақ пен арақ» кітабының және осы кітап негізінде түсірілген деректі фильм авторы. Облыстық кітапханада қызмет жасайтын 11 бөлім бар:

  • 1. Есепке алу және бақылау бөлімі
  • 2. Толықтыру және әдебиеттерді өндеу бөлімі
  • 3. Негізгі қорды сақтау бөлімі
  • 4. Абонемент бөлімі
  • 5. Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі
  • 6. Өнер әдебиеттері бөлімі
  • 7. Ақпараттық-библиографиялық бөлім
  • 8. Оқу залы
  • 9. Маркетинг және инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімі
  • 10. Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс
  • 11. Шетел тіліндегі әдебиеттер бөлім

Негізгі міндеттері: - Кітапхананы білімді, ақпаратты, мәдени орталық ретінде рөлін көтеру, модернизациялау және ақпараттық қызметті жетілдіру мақсатында Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігіне ену; - Қазақстанның халықтарының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын, тілін, өнерін, қоғамдық рухын нығайту; - Азаматтардың конституциялық құқығы бойынша жеке адамның ақпараттық білім алуына шексіз қызмет ету; - Облыс кітапханалары қызметінің ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіруді қамтамасыздандыру; - Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау. – Ақмола аймағының ағартушылық, ғылыми және рухани дамуының мүмкіншілігін жетілдіруге ат салысу, оқырмандарға бүгінгі заман талабына сай қызмет көрсету


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкшетау кітапханасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}