Көктөбе (мекен)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көктөбе отрабаттық мекенжұрты, 1-8 ғғ. (археол.). Қоғам ауылының сотүстігінде, 18 км жерде. Географиялық координаттары 42T 439098 UTM 4760971. 1970 ж. Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеген. «Алаңқайлы төбе» типіндегі ескерткіш. Отралық диаметрі 70 м, биіктігі 5 м. Оны алаң қоршап тұр. Алаңның ең еңді жері – 40 м, ол оңтүстік шығыс жағында. Төбе бетінен табылған керамика Қостөбенің жоғарғы қабатының керамикасымен сәйкес - нуалы тұтқасы және мойнында білік жүргізілген құмыралар, тікбұрышты ернеулі құмдар, бүдір салынған ыдыстар, сонымен қатар, шүмекті құмыралар, металдан жасалған шығыстық ыдыстарға еліктеген, жылтыратылған қызыл ангобты саптыаяқтар кездеседі. Қазба материалдары ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы.<ref>Оңтүстік Қазақстан Облысы Тарих және Мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Алматы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер