Көктұма (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көктұма– ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан. Көктұманы 1957 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. 9 – 11 ғасырларына жатады. Көктұма – 9 ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясы кезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған. 2) Алматы облысының Алакөл ауданындағы ауыл, Ырғайты ауылдық әкімшілік округінің орталық Аудан орталығы – Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Алакөл көлінінің оңтүстігінде, Жаманты өзен жағалауында, сұр жусан, баялыш, күйреуік аралас астық тұқымдасты шөптесін өскен бозғылт сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,0 мың адам (1999). Іргесі 1964 ж. қой өсіретін “Көктұма” қой кеңшарының орталық ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Көктұмада шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда орта мектеп, кітапхана, клуб, фельдш.-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы халықаралық маңызы бар Алматы – Достық темір жол және автомобиль жолдары өтеді. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}