Көктікен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Көктікен (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы. Тропиктік және қоңыржай белдеулерде тараған 7 түрі белгілі. Қазақстанда Маңғыстаудың құмды жерлері мен жол бойларында өсетін жалғыз түрі – шашақты Көктікен (T. racemosus) кездеседі. Бұл бір және екі жылдық өсімдік. Шоғырлана бұталанған көп сабақтарының биіктігі 10 – 30 см, буындарынан тамырланады. Жапырақтарының ұзындығы 4 – 6 см, ені 2 – 3 мм, шет жағы бұдырлы, қынабы жалпақ, тілшесі қысқа, кірпікшелі келеді. Сары түсті гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде – қыркүйекте гүлдейді. Масағы 3 – 4-тен шоғырланған, жемісі піскенде тобымен түсіп қалады. Көктікен– дәрілік өсімдік. Оның тамырының несеп жүргізетін, тер шығаратын, жүйкені тыныштандыратын қасиеті бар. Көктікеннен жасалған препарат жыланның уын қайтарады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көктікен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}