Көктау (асу)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау КөктауЖетісу Алатауының орталық бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Алматы облысы Алакөл ауданы және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының шекарасында орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 3067 м. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері қатты дамыған. Солтүстік-шығысынан Тентек, оңтүстік беткейінен Боратала өзендерінің салалары таудың биік жоталарындағы мұздықтардан бастау алады. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады. Асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub