Көктас асуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

КөктасНарын жотасының шығыс бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылының оңтүстігінде 11 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Ең биік жері 1900 м шамасында. Маусым – қараша айларында салт атты адам өте алады. Асу бойынан Балғын өзенінің саласы бастау алады. Көлбеу беткейлі кең өзен аңғарлары мен жартас жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады.

Өсімдігі

Жоғарғы белдеуінде қайың, көктерек, шырша, самырсын өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер