Көксу (жота)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

КөксуАлтай тау жүйелерінің батысындағы таулы жота.

Географиялық орны

Ресей Федерациясы құрамындағы Алтай Республикасы мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Об және Ертіс өзендерінің суайрығы саналады.

Жер бедері

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылып жатыр. Абсолюттiк биіктігі 2599 м.

Геологиялық құрылымы

Орта девон кезеңінің эффузивті жыныстарынан, саздақты тақтатас, граниттен түзілген.

Өсімдігі

Беткейлерінде самырсын, шырша, майқарағай, өзен аңғарларында көк терек, қайың, ал 2200 – 2500 м биіктікте альпілік шалғын өседі.‎ <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көксу (жота)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}