Көкпекті бөгені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көкпекті бөгені– Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының жерінде орналасқан. Көкпекті өзенінің ағысын реттеп отырады. 1959 жылы пайдалануға берілген. Су айдынының аумағы 37,5 га, ұзындығы 2,1 км, енді жері 1 км-ге жуық. Ең терең жері 8 м, суының көл. 1,5 млн. м3. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Шаруашылық мақсатында суаруға және ауыз суына пайдаланылады. Бөгенде табан, алабұға, шабақ, таутан кездеседі.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>