Көккөз Құндыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көккөз Құндыбаев (шамамен 17451803) – би. Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасының кете руынан шыққан. Қазіргі Ақтөбе өңірінде туып өскен. Көккөз – Әбілқайыр хан балаларының озбырлығына қарсы Орынбор генерал-губернаторы О.А. Игельстром арқылы Екатерина ҚҚ-ге шағым хат жазған 185 бидің бірі. 1785 ж. 21 шілдеде жазған хатта Әбілқайыр ханның балаларын хандықтан тайдыруды, түрмедегі аманаттарды қайтаруды сұраған. Осы хат негізінде Кіші жүзге қарасты старшиналардың жиналысы Елецкіден (Тұзтөбе) 100 шақырымдай жердегі Женбішер өзенінің бойында 1785 ж. 21 қыркүйекте өтеді. Онда Кіші жүзді билеуді уақытша жаңадан құру, қысқы қоныстарды кеңейту туралы шешім қабылданады. Басты ордалар белгіленеді. Осы ордаларға Көккөз би бас кеңесші болғандардың бірі. Көккөз би 1787 ж. кете тайпасы атынан расправа болып сайланған және сол жылы 16 қазанда Орынбор жиынына делегат болып барады. 1797 ж. 29 тамыздағы хан кеңесіне Көккөз би де қатысқан.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көккөз Құндыбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}