Көкен Шәкеев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шәкеев Көкен (1924, Целиноград ауданы Сарыадыр ауылы – 2000, Красный Яр ауылы) – Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршылар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 2-дүниежүзлік соғыстың ардагері. 13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындарының мектебін басқарды. Медальдармен марапатталған. «Қабанбай батыр» және «Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>