Көкбұта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Көкбұта (Үлгі:Lang-la) – Көкбұталар тұқымдасының Көкбұта тегіне жататын мәңгі жасыл бұта.

Таралуы

Еуропада, Азияның қоңыржай аймақтарында, Солтүстік Американың Атлант мұхиты жағалауында, Гренландияда, Солтүстік Африка мен Азор аралдарында кездеседі. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Күнгей Алатауларында бар. Негізінен ылғалы көбірек, мүк, қына басқан батпақтар, қылқан жапырақты ормандардың арасы, бұлақ жағаларында жиірек кездеседі.

Сипаттамасы

Биіктігі 25 – 100 см. Жіңішке қабыршақты төртқырлы жапырақтары болады. Көкбұтаның жапырақтары ауа райының өзгеруін алдын ала болжайды. Құрғақшылық болған жағдайда оның жапырағы дереу қусырылып бүктеліп (ширатылып) қалады, соның нәтижесінде судың булануы азайып, өсімдік қурамай, тіршілігін сақтап қалады. Гүлдері ұсақ, өте көп, олар сабақ ұшында, жапырақ қолтығында жеке немесе топталып орналасады. Топталған ұсақ гүлдері шашақ, шатыр, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырларын құрайды. Жеке гүлінде 4 – 5 тостағанша жапырақша, 5 күлте, 10 аталық, жатыны 5 ұялы аналығы болады. Аталықтарының жіпшесі аналықтың түбіндегі жалпақ табақшаға бекініп тұрады. Аналық жатынында тұқым бүршігі көп болатындықтан, жемісі – көптұқымды қауашақ, тұқымбүршігі аздау болса, аз тұқымды сүйектіжеміс деп те аталады. Көкбұта негізінен жәндіктермен (кейде өздігінен де) тозаңданатын өсімдіктер. Көбінесе батпақты жерлерде өсетіндіктен, азоты жеткіліксіз ортаға бейімделу үшін саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді. Көкбұта балды өсімдіктерге жатады. Тұқымының шетінде болатын бұртиған өсіндісімен құмырсқалар, жидектерімен құстар мен сүтқоректілер қоректенеді. Гүлдері әдемі болғандықтан бақтарда, оранжереяларда сәндік үшін де өсіріледі<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>.

Химиялық құрамы

Көк бұтаның құрамында арбутас, арбутин, кверцитин, крахмал, камедь, аздаған катехин танин, сапониндер бар. Дәрілік шикізат ретінде көк бұтаның майда, жас бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін теріп алып, көлеңке жерде қуратпай, кептіріп алады. Дәрілік шикізат өсімдік гүлдеген кезде жиналады.

Қолданылуы

Мал дәрігерлігі практикасында көк бұтаны кәріқыз тамырымен, ақ қайын жапырағымен қосып бүйрек және зәр шығару органдары ауруларын емдейді. Бұл үш шөптін әрқайсысының 28 грамы алынады да, бір литр ыстық суға салынып, 4-5 сағат бойы тұндырылады. Сөйтіп 10-15 минут, бүлкілдетіп қайнатылады да, суытылып, дәкемен сүзіледі. Дайын тұнба жылқы мен ірі қараға – 150 – 250 мл, бұзау мен құлынға – 50 – 100 мл, қойға – 30 – 70 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі<ref>Үлгі:Кітап</ref><ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкбұта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Дереккөздер