Көкбұлақ мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көкбұлақ – Іле Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан мұздық.
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік өзенінің саласы – Көкбұлақ өзенінің бастауында. Мұздықтың оңтүстігінде өзімен аттас тау, оңтүстік-шығысында Григорьев мұздығы орналасқан.
Аумағы
Көкбұлақтың ұзындығы 1,7 км, көлемі 1,4 км3, ашық жері 1,4 км3. Мұзқар (фирн) сызығы 4 мың м биіктікте жатыр, мұздық тілі 3730 м биіктікте. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>