Көкбайдың ақындығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Көкбайдың ақындығы», жазушының мақаласы. 1934 жылы жазылған. Онда Көкбай Жаңатайұлының өмірі, білімі, өскен ортасы, істеген қызметі туралы мәлімет келтіріліп, оның Абаймен өмір бойы іні-дос, жақын адамы болғаны айтылған. Көкбай 1924 жылдан бастап Абайдың шығармаларын жинауға және өмірбаянын жазуға көп ат салысқан. Абай көптеген өлеңдерін Көкбайдың атынан шығарған, бірнеше өлеңін Көкбайға арнаған. Көкбай да өле-өлгенше Абайды қадір тұтып, құрметтеген қалпынан танған емес. Ол ғылым, еңбек, әйелдің хал-жағдайы, зорлықшыл, жуан содырлар туралы сыншыл-сыршыл, сатиралық өлендер жазған. Көкбай өзін Абай мектебінің ақыны деп санады. Мұны Әуезов те қуаттап, Көкбайды Абайдың төрт шәкіртінің бірі дейді. Мақаласы Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағында, «Абайтанудан жарияланбаған материалдарында», «Абай Қунанбаев» монографиясында (1995), «Абай» энциклопедиясында (1996) жарияланған.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкбайдың ақындығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}