Көбең, ала көбең

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көбең, ала кебең. Тілімізде «таң атар-атпас, алагеуім» және «ымырт жабыла, қараңғы түсе» сияқты екі мағынада қолданылады. «Ала көбеңнен оянып, дереу қағаз-қарындаштарына жармасты» (Б. Тоғысбаев, Алдыңғы.). «Кешкі ала көбең уақыт еді» (А. Лекеров, Тұз гүлі). «Ала көбең» тіркесі —«алагеуім» сөзімен синонимдес. Соңғы сездің (алагеуім) төркіні жөнінде бұрын бір автор жазған болатын-ды. Сондықтан біз оған тоқталмаймыз.

Қазіргі тілімізде «ала» сөзі жеке түрып та жиі қолданылса, ал «көбеңде» ондай қасиет жоқ. Алайда, кейбір түркі тілдерінде, дәлірек көрсетсек, хакас тілінде «кебең» жеке қолданылып та, өзіне меншікті мағынасын сақтайды көбең — қара көк (Хак.-рус. сл., 1953). Кейде бұл тілде — сағым, бұлдыр мағынасына да ие. Ойлап қараған адамға, түн мен таң немесе күңбату мен ымырт аралығындағы кез осы түстес (қара көк) болатынын байқау қиын емес. Осы түстін алдына «ала» қосылып, белгілі бір мезгілді көрсететін болып қалыптасқан сияқты. «Ала» жәрдемімен жасалған тілімізде бұл сияқты түр, түсті білдіретін тіркестер аз емес (ала көлеңке, ала шабыр, ала шұбар т. б.). Біздіңше, «геуім», «көбең» сөздерінің алғашқы түбірі бәрімізге аян — «көк» сөзі болуы ықтимал. Мұны біз түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктеріне сүйене айтып отырмыз. Тілімізде «к», «у», «п» т. б. дыбыстар бірінің орнын бірі алмастырып отыратын жағдай жоқ емес (елік — елу, жау — жап, егек — егеу және көптеген мысалдар табуға болады).<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}