Көбею орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көбею орталығы (Үлгі:Lang-la germinale — өсіп жетілу, centrum — орталық) - лимфа түйіндері қыртысты затындағы лимфалық фолликулдар мен көкбауыр түйіншелерінің (лимфалық фолликулдар) ашық түсті орталық бөлігі. Көбею орталығы лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті клеткалардан, өсінділі ретикулоциттерден тұрады. Көбею орталығында дендритті жасушалар адам мен жануарлар организміне енген бөгде заттар — антигендермен байланысып, олардың антигендік қасиеттерін көбею сатысындағы жас жасушалар — лимфобласттарға жеткізеді. Лимфобласттар антигендерге қарсы маманданып, митоз арқылы көбейіп, белсенді қызмет атқаруға дайын эффекторлы жасушалар лимфоциттерге айналады.

Көбею (герминативті) орталығының макрофагтары әртүрлі әсер етуші факторларға жедел жауап береді. Сондықтан, көбею орталығын реактивті орталық деп те атайды. Орталықтың шеткі жағында жетілген эффекторлы кіші лимфоциттер лимфа түйіншесін сыртынан тәж тәрізді қаптап жатады. Бұлар антигендік қасиеттерді еске сақтау В- эффекторлы лимфоциттер. Көбею орталығының құрылысы организмнің физиологиялық жағдайына сәйкес өзгеріп отырады. Көбею орталығында митоздың әртүрлі кезендеріндегі лимфобластарды байқауға болады. Жетілген лимфоциттер қорғаныс қызметін атқарады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көбею орталығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}