Көбек Шүкірәліұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көбек Шүкірәліұлы (1760, Батыс Қазақстан, Жаманқала өңірі – 1825, сонда) – би. Көбек есімі Ресей империясы мен қазақ жүздері қатынастарына қатысты құжаттарда жиі кездеседі. Кіші жүз қазақтарының Ералы сұлтанның озбырлығы жайлы Екатерина патшайымға 1794 ж. қаңтарда жазған шағым хаттарда оның қолы қойылған. Бір топ қазақ билері 1819 жылдың 27 шілде мен 5 тамыз арасында Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге хат жазып, сұлтан Арынғазыны Кіші жүз ханы етуге Александр 1-ден сұрауды өтініп, ұсыныс жасайды. Қол қойған билердің арасында жаппас руының старшинасы Көбектің таңбасы сақталған. 1803 ж. Орынбор әскери губернаторы князь Г.С. Волконскийдің тапсыруымен қазақ халқының үш жүзінің саны, тұрақты қоныстары және баратын базары туралы кеңесші старшина Көбектің (Қазан татары Ғалы Шахмұратовпен бірге) жинаған этнографиялық деректерінде қазақ руларының орналасуы мен ол руларды басқаратын билер жайында құнды деректер бар.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көбек Шүкірәліұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}