Көбей Сейдеханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көбей Сейдеханов (8.11. 1928, Отырар ауданы - 1996, Алматы қаласы) — жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (1968).
- ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1994).
- 1948 жылы Шымкент педагогикалық институтын,
- 1953 жылы ҚазмУ-ді бітірген.
- 1943—44 жылдары "Социалистік Шәуілдір" газетінің жауапты хатшысы,
- 1944—45 жылдары "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер.
- 1946—47 жылдары бұрынғы Киров ауданы комитетінде нұсқаушы,
- 1948—50 жылдары "Победа" орта мектебінің мұғалімі,
- 1951—58 жылдары Ильич ауданы "Макташы" газетінде редактор,
- 1959-60 жылдары қазіргі "Жас Алаш" газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстары бойынша меншікті тілшісі,
- 1960—61жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бөлім меңгерушісі,
- 1961—86 жылдары ҚР YFA М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.
Шығармалары
Сейдехановтің "Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы" (1974), "Оқ пен жыр" (1985), "Күрес пен жеңіс жырлары" (1990) монографиялары, "Азатбектің алмасы" (1963) әңгімелер жинағы мен "Түркістан түлегі" (1973) повесі жарық көрген. Өзбек жазушылары А.Қаһардың "Табыттан шыққан үн", С.Ахмадтың "Күйеу" комедияларын аударған. Өзбекстан Жазушылар одағының әдеби сыйлығымен (1987), "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медальмен марапатгалған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.
«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/>