Кәшке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәшке18 ғасырда өмір сүрген батыр. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі.

Дереккөздер:

''Қазақ энциклопедиясы'', 4-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәшке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}