Кәсіпшілік гидрогеологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәсіпшілік гидрогеологиясы - мұнай және газ кенорындарын іздеу мен игеруге байланысты гидргеологиялық байқаулар мен жерасты суларын зерттеуді қамтитын гидрогеология саласы. Мұнай және газ кенорындарын барлау барысындағы К. г-ның негізгі міндеттері: қойнауқатты бұрғылау, аршу және сынамалау жағдайларын болжау, газ-сұйық жапсарларының орнын анықтау, суда еритін газдардың қорын анықтау және қойнауқаттардың гидравликалық өзара байланысын айқындау. Мұнай мен газ кенорындарын пайдаланғанда К. г-ның деректері игерудің режимдерін болжау, мұнай қойнауқаттарын тоғыту үшін әртүрлі суларға баға беру, тұздың тұнуы мен коррозияны болжау, ұңғыманы және газ бен мұнай жатындарын су басуын бақылау үшін пайдаланылады. Судың минералдылығын анықтайды, мезгіл-мезгіл қысым деңгейін өлшейді, гидрогеохимиялық зерттеулерді жүргізеді. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}