Кәсіптік геофизика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәсіптік геофизика. Мұнай мен газ кенорындарын іздеу және барлау мақсатында бұрғыланған ұңғымаларда жүргізілетін геофизикалық зерттеу тәсілдері мен кейбір іс-әрекеттер жиынтығы. Кәсіптік геофизика төмендегі арнаулы зерттеу әдістерін қамтиды:

  1. әр түрлі каротаж әдістері;
  2. бұрғылау ұңғымасының техникалық жағдайын бақылау әдістері;
  3. мұнай мен газ кенорындарын игеру шараларын бақылаудың геофизикалық әдістері.

Кәсіптік геофизикаға төмендегі іс-әрекеттер де жатады: ұңғыманы теспелеу, ұңғыманы жарғылау торпедироваңие), ұңғымадан үлгілер алудың кейбір әдістері, қойнауқаттарды сынамалау әдістері, манометрмен өлшеу, бұрғылау өлшемдерін тіркеу т.б. Кәсіптік геофизика көмегімен жүргізілетін зерттеу әдістері ұңғыманы бұрғылау процесінің міндетті де жүргізілетін құрам-бөлігі болып табылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}