Кәрім Айнабеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәрім Айнабеков - 1940 жылы 5 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты (бұрынғы Арыс ауданы), Бадам стансасында өмірге келген.

Новосібір Электро-Институтын және Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Шымкент облыстық өндірістік-техникалық байланыс басқармасында бөлім бастығы, кейін осы мекеме басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1998—1999 жж. Ақтөбе қалалық Пошта бастығы, 1999 — 2003 жж. «Қазақтелеком» Ақтөбе облыстық дирекциясында қызметкер болған.

Шығармалары:

1977 жылы «Тұңғыш кітап» сериясымен «Таң шапағы» («Жалын»), 1991 жылы «Махаббат моншақтары» (Ақтөбе), 1994 жылы «Сені іздеймін» («Рауан»), 1998 жвілы «Күнім, күніңмін» («Рауан»), 2002 жылы «Жанарымда жалғыз сен» («Білім») атты жыр жинақтары жарық көрген. «Жұлдызым жоғары» атты хикая, әңгімелер, очерктер, эссселер, аудармалар жинағы шыққан. Қырғыз жазушысы Таш Мияштің «Қоштасу» повесін, Александр Гельманның «Ар-ождан алдында» пьесасын аударған. Х.Исламов пен А.Қадыровтың «Малшылар патшасы» пьесасын қазақ тіліне тәржімалаған, бұл қойылым Ақтөбе қаласындағы «Алақай» қуыршақ театрында сахналанған.

Жетістіктері:

Қазақстан Республикасының «Құрметті байланысшысы» атағының иегері. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марпатталган.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}