Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиев (20. 04.1962 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алғабас ауданы) тіл білімі маманы, филология ғылымының кандидаты (1992), доцент (1995). Алматы шет тілдер институтын бітірген (1986). 1986—1987 жылдары осы институтта кәсіподақ терағасы. 1987 жылдан Қазақтың қыздар педагогика институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, шет тілдер кафедрасы меңгерушісі. 1992 жылдан "Қайнар" университетінің оқу ісі проректоры, профессор. Профессор Ш. Сарыбаевтың жетекшілігімен "Батыс Сібір қазақтарының тіл ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. 20-дан астам ғылыми еңбек жариялады. Ғылыми еңбектері қазақ, орыс, неміс тілдері мәселелеріне арналған. Бірнеше оқулық пен оқу құралдарының авторы.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}