Кәмила Досқызы Өтегенова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кәмила Досқызы Өтегенова (25.5.1915, Ресей, Троицк қаласы - 11.12.1993, Алматы қаласы) акушер-гинеколог, медицина ғылым доктары (1955). Алматы медицина институтын (қазіргі ҚазҰМУ) бітірген (1936). Ащысай кенішінің телімдік емханасында дәрігер (1937), Алматыдағы 1-перзентханада ординатор (1939), 1939-40 жылы Мәскеудің акушерлік-гинекология институтында ғылым қызметкер, кейіннен Алматы медицина институтының гинекология кафедрасында оқытушы қызметтерін атқарған гинекология саласының білікті маманы Өтегенованың акушерлік даңқы Одаққа мәлім болған. Кеңес әйелдерінің көрнекті өкілі ретінде ол Жер шарының көптеген қалаларын аралайды.

Америка мен Канада, Сидней, Дели, Каир, Пекин, Париж, Берлин, Лондон сияқты үлкен елдер мен қалаларда акушерлік форумдарға қатысып, баяндама жасаған. Египетке барғанда, араб елінің президенті А.Насердің қабылдауында болған. Қаныш Имантайұлымен Райхан, Раушан Сәтбаевалардың үйінде танысып, екеуінің арасында ыстық сүйіспеншілік сезім пайда болып, Жәмила атты сәби дүниеге келеді. Өтегенова Сәтбаевты өте қатты құрметтеген, қызы Жәмиланың айтуынша ол дүниеге келгенде перзентханаға жазған хаттары сақтаулы.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәмила Досқызы Өтегенова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}