Кәмел Құрманғалиұлы Нұрмақов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Нұрмақов Кәмел Құрманғалиұлы (25.12.1926 жылы туған, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылы) – құрылысшы инженер, ҚазКСР-іне еңбек сіңірген құрылысшы (1979). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) инженерлік құрылыс институтын тәмамдаған соң (1955) Алматыдағы “Казместпромстройда” прораб (1955 – 56), “Казгорстройпроект” Мемлекет жобалау институтында инженер-конструктор (1956 – 59), бас инженер қызметтерін атқарды. 1971 – 85 жылдары “Алма-Атагипрогор” Мемлекеттік жобалау институтының директоры. Нұрмақов Алматыдағы “Жетісу” мейманханасы, Байланыс үйі, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ескі және жаңа ғимараттары, “Медеу” мұз айдыны, Ә.Қастеев атындағы Сурет галереясы, т.б.-лардың жобаларын жасауға қатысты. Нұрмақов Алматыдағы Республика алаңындағы ғимараттар жобасын жасады. КСРО Министрлік Кеңесінің (1979), КСРО Мемлекеттік (1982) сыйлығын алған.
Сілтемелер
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кәмел Құрманғалиұлы Нұрмақов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}