Кәдімгі қарғакөз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Кәдімгі қарғакөз<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> – Melanthiaceae тұқымдасы, қарғакөз туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 15-45 см, тарамдалып өсетін ұзын тамыры болады.
  • Жапырақтары - сопақша. Сабақтың жан-жағынан 4 жапырағы, олардың ортасынан дара гүлі жетіледі. Гүлінің түсі қара көк, қарғаның көзіне ұқсайды, өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған.
  • Негізінен атпа тамырлары арқылы көбейеді. Сәуір-маусым айларында гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі - домалақ, қара көк түсті жидек.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда негізінен аралас және қылқан жапырақты ормандар мен ылғалды жерлерде өседі.

Құрамы мен қолданылуы

Кәдімгі қарғакөз - өте улы өсімдік, құрамында сапонин, алкалоидтар бар.
Дәрілік мақсатқа өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады.
Халық медицинасында көк шөбінің қайнатпасы мен спиртке ашытқан тұнбасын өкпе туберкулезін, зат алмасу бұзылуын, шеменді, невралгия ауруларын емдеу үшін қолданады.
Жаңа піскен жидегінен алынған шырынды жазылмай жүрген жараларға, шиқанға жағады.
Өсімдікті пайдаланғанда сақ болған жөн, себебі, оның жапырақтары денеге тисе, теріні қабындыруы мүмкін.

Дереккөздер

<references/>