Күңгірт материя

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күңгірт материя - электромагнитті сәуле шығармайтын және онымен қатынасқа түспейтін материя формасы. Яғни, астрофизика ғылымында жарықпен әсерлеспейтін, бірақ тартылыс күшінің ықпалына ұшырайтын (гравитациялық эффекті) затты Күңгірт материя (Dark Matter) деп атайды. Бұл қасиет оған бақылау жүргізуге мүмкіндік бермейді. Бірақ оның жасайтын гравитациялық эффектілерінің көмегімен оны байқауға болады.

Қазіргі теориялық физика нақты затты зерттеуге қарағанда сол Күңгірт материяны зерттеуге көбірек кірісіп кеткен. Оның сырын ашу ғаламның құпиясын ашуға, тіршілік құпиясына бойлауға үлкен себі тиері анық. Күңгірт материя мөлшерленуінше бүкіл әлемнің 80 пайыздан артығын, бір деректер бойынша ғарыштың 90 пайыздайын Күңгірт материя құрайтын көрінеді.

Сурет:Cosmological composition.jpg
Ғарыш құрылымы, материялар үлесі

Кейбіреулер оны тағы "Күңірт материя" және "Күңгірт энергияға" бөледі. Бірақ бұл жаңа тақырып ретінде әлі толық айқындалып біткен жоқ. Ол (Күңгірт материя) тартылыс күшінің әсеріне ұшырауын айтпағанда, қазіргі белгілі физика заңдылықтары оған жүрмейді, заттың қасиеті секілді белгілер онда жоқ. Қазір алыс жұлдыздардан (Андромеда шоқ жұлдызының, сосын Құс жолы жүйесінің жұлдыздарынан) жеткен Х сәулелерін жоғары технологиялық жабдықтармен зерттеу арқылы аталған қараңғы материяға болжал жасалуда.

Күңгірт материяны табу заңдылықтан ауытқыған (аномальді), әрі галактика сыртындағы аса жылдам жылдамдықпен айналатын жасырын масса мәселесін шешуге көмектеседі.

Көбіне «күңгірт материя» терминін 1933 жылы өзінің неміс тілінде жазған жұмысында астроном Фриц Цвикки көрсетті деп жазады. Бірақ 2014 жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, Цвикки бұл терминді 1932 жылы Ян Оорт жазған мақаладан алғаны байқалады.

Бақылау ақпараттары

Сурет:Fermi Observations of Dwarf Galaxies Provide New Insights on Dark Matter.ogv
олар көрінетін затты байқады - жұлдызды, газды, тозаңды, бірақ олардың неге солай екенін түсіндіре алмады. Ферми бақылауы (Fermi Observations) бойынша Ергежейлі галактикалар құбылысы күңгірт материяның өмір сүретінін дәлелдейді
Сурет:Artist’s impression of the expected dark matter distribution around the Milky Way.ogv
Құс жолы төңірегіндегі көк түспен көрсетілген күңгірт материя

Күңгірт заттың «жарық» (барионды) нәрсемен әрекеттесетіні белгілі, тым болмағанда гравитациялық күйде және барионнан тығыздығы бірнеше есе үлкен, орташа космологиялық тығыздықты құрайды. Заттар гравитациялық күңгірт материя тесігіне енеді. Күңгірт материя жарықпен қатынасқа түспейтін болса да, жарық күңгір заттар бар жақтан шығарылады. Бұл гравитациялық тұрақсыздықтың тамаша қасиеті күңгір материя санын, күйін және рентгендік сәуледен радиодиапазонға дейінгі бақылау ақпаратын күңгір материяға үлестіруге көмектеседі.

Оншақты жыл бұрын Күңгірт материя туралы жорамалға тек тым аз санды астрофизиктер болмаса, басым көбі оны бос қиял деп сынға алған болатын. Ал, қазір дәлелдердің молаюына орай ол барған сайын астрофизикадағы негізгі ұғымдардың біріне айналуда. Шынтуайтында, тек осы ұғым арқылы ғана жеке жұлдыздық жүйелердің өз өсінде айналғанына бола бытырап кетпейтініне, жұлдыздық жүйелердің бір біріне қалай әсер ететініне жауап табуға болады. Егер тұрақты жұлдыздан, тұмандықтардан, басқа да көрінетін айқын материялардан неше он есе көп Күңгірт матеия болмаса, онда әлемнің қазіргі шындығы ақылға сиымсыз болар еді. Біздің Құсжолы әлеміміз, әрбір жұлдыздық жүйелер түгелдей алып Күңгірт матриямен қымталған деуге болады.

Астрофизиктердің айтуынша, ең алғаш пайда болғаны үлкендігі ұқсамайтын Күңгірт материя шоғырлары екен. Бұл көрінбейтін Күңгірт материя шоғырлары қарапайым анық материяларды өзіне сіміру арқылы жұлдыздық жүйелер қалыптастырыпты. Дегенмен қалыптасқан жұлдыздық жүйелердің үлкен кішкенелігі ұқсамайды, кейі үлкен, кейі кішкене, сондай-ақ олар жүздеген миллион жыл бойында жылына мыңдаған тұрақты жұлдызды қалыптастырыпты. Әсіресе жұлдыздардың жарылып, жаңа жұлдыздарға ұйысуында осынау Күңгірт материяның рөлі айырықша болса керек.

Сурет:CL0024+17.jpg
Күңгірт материя тіке байқалмайды. Гравитациялық мөлдірлік әсері негізінде, галактика кластеріндегі (CL0024 + 17) қараңғы материя сақинасын аңғаруға болады және ол көк түсте бейнеленген.

Зерттеулерге қарағанда, жұлдыздық жүйенің қалыптасуы ол негіз еткен Күңгірт материя шоғырының үлкен-кішілігіне байланысты көрінеді. Егер Күңгірт материя шоғыры өте үлкен болса, онда сутегі үйлесімді біріге алмай, алаулаған тұрақты жұлдыз күйіне келе алмайтын көрінеді. Сонымен сутегі ыдырап, түрліше деңгейдегі шағын жұлдыздық жүйеге бөлінетін көрінеді. (Тұмандықтар бәлкім осылай қалыптасқан болса керек.) Егер Күңгірт материя шоғыры тым кішкентай болса, онда сутегі өте тығыз бірігетін көрінеді. Мұндай жағдайда жұлдыздық жүйенің қалыптасуы тездеп, одан бөлінген жоғары энергия басқа сутегілердіңде қосылуына кедергі болатын көрінеді. Мұндай жұлдыздық күйлердің тұрақтылығы уақыттық болады екен.

Бұл қорытындыларды ғалымдар Гершель ғарыштық телескоп орталығынан алған мәліметтерге сүйеніп шығарған. Гершель ғарыштық телескопы инфрақызыл сәулелі телескоп. Тым алыстан жететін галактикалық шаңдар инфрақызыл сәуле астында өте жарқырап көрінетіні белгілі. Сондықтан Гершель ғарыштық телескопы жеке жұлдыздық жүйелердің суретін бере алмағанымен, бірақ ол әлемнің әр түкпіріндегі инфраэнергиялық ағындардың анық және бұлдыр тұсын айқындай алады. Жарығырақ өңірлер галактикалық тығыздығы жоғары өңір есептеледі, бұлдыр өңірлер тығыздығы сирек өңірлер болмақ.

Ғалымдар өздерінің зерттеген нәтижелерін әлемнің алғашқы үлгісі туралы компьютерлік виртуалды модельмен салыстырып, Күңгірт материяның қалай тарқалғанын көрсетеді. Салыстыру нәтижесіне орай, орташа Күңгірт материя шоғыры мен галектикалық жарылыстардың ортасында байланыс бар екені байқалады.