Күңгірбай Төбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күңгірбай Төбе– ортағасырлық қала орны. Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылы жанында орналасқан. Қаланы 1936 жылы Жетісу археология экспедициясы (жетекшісі А.Н.Бернштам) зерттеген. Қазіргі сақталған көрінісі 260х180 м жерді алып жатқан екі қабаттан тұратын ұзынша төбе. Астыңғы бөлігінің биіктігі 2,2 м, ал үстіңгі қабаттың немесе орталақ қорғанының биіктігі 6,5 м. Ыдыстардан ішкі жағында қақпаққа арналған иіні бар құмдар, бүйірі дөңгеленіп келген көзелер, ернеуі құс тұмсықтанып сыртқа қайырылған құтылар, түрлі кесе сынықтары жинастырылған. Қаланың аум-нда басқа да көптеген ескі құрылыстардың орындары сақталған. Зерттеу кезінде табылған құрал-саймандар қаланың тарихи тұрғындары мал, егін шаруашылығымен шұғылданғанын көрсетеді. Күңгірбай Төбенің екі стратиграфиялық кесіндісі қаланы адамдар кем дегенде екі рет мекендегенін аңғартады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}