Күрд тілі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Күрд тілі иран тілдерінің батыс тобына жатады. Бұл тілде сөйлеушілірдің көбі Түркияны, Иран, Ирак, Сирия, ішінара Ауғанстан мен Пәкістанды мекендейді. Дүние жүзінде 10 млн-нан астам адам күрд тілінде сөйлейді.

Күрд тілінің курманжи, сорани, гурани, лури, заза деген диалектілері бар. Қазақстанда 18 мыңға жуық күрд тұрады.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7