Күпі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күпі— матамен тыстал, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген. Әйелдер күпісілің жағасы кестеленіп, жеңіне құндыз салынып сәндеп тігілетін. Ол әсіресе жазғытұрғы және күзгі қара суықта киюге қолайлы. Күпіге тартатын жүнді жылы суға жуып келтіреді де, бетіне бидай шүберек салып көктейді.

Күнінің тысына барқыт, мәуіті сияқты әрі мықты, әрі қалың, әрі кір көтеретін бір түсті мата пайдаланылады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы болады. Күпілің ең алдымен тысын пішіп алады да, оған жүнді салып, бидай шүберекпен бірге көктеп тігеді. Күйінің тысын машинамен не қолмен, ал арасына салған жүнін бидай шүберек жағына келтіріп, жіңішке шуда жіппен не жуан мақта жіппен тігеді. Одан соң оның тысын кигізіп астары мен тысын қосып айналдыра бір тігіс жүргізеді. Күпіге көбінесе матадай қайырма жаға не тік жаға салынады. <ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күпі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}