Күн активтілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күн активтілігі (Солнечная активность) — Күнде болатын циклді және циклді емес физикалық құбылыстардың жиынтығы. Негізінен күннің магниттік өрісі мен плазманың өзара әрекетінен болады. Күн активтілігі ең көп жылдары аса зор электрмагниттер болып табылатын күн дақтарының саны көбейеді. Дақтардың айналасында күшті жарылыс (жарқыл) болады. Күн активтілігі ең аз жылдары дақтар саны мен жарылыстар азаяды. Жарқыл кезінде Күн зарядталған бөлшектер мен көп мөлшерде энергия шығарады, олар жерге жеткенде электрмагниттік дауыл, үйектік сәуле және т.б. құбылыстар болады. Күн активтілігінің өзгеруі климатқа және көптеген биосфералық процестерге, соның ішінде жануарлар санының өзгеруіне, адам денсаулығына және т.б. әсер етеді деген болжам бар. Жер сілкінуін, жанартаудың атқылауын да және т.б. құбылыстарды күн активтілігіне байланыстырады. Күн активтілігі биосфераға бір мезгілде тікелей және жанама әсер етеді. Бұдан құбылыстардың кезектесу дәлдігі бұзылады, буферлік эффектілерді тірі заттектердің екінші реттік реакцияларын және т.б. құбылыстарды ескеру кажеттігі туындайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күн активтілігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}