Күміс рудалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күміс рудалары – құрамынан күміс бөліп алу экономикалық жағынан тиімді келетін табиғи минералдық түзілімдер.

Сипаттама

А.П. Виноградовтың деректері (1962) бойынша күмістің жер қыртысындағы орташа мөлшері (кларкы) 0,07 г/т. Басты минералдары: аргентит, пираргирит, полибазит, прутит, стефанит, кераргирит, электрум, күмісті галевит, сап күміс. Күміс рудаларының кендері гранитоидтар, субвулкандық, вулкандық жыныстармен тығыз байланысты және осы аталған жыныстар немесе олармен іргелес жыныстарқабаттарынан орын алады. Күміс өндірісіне пайдаланылатын шикізаттардың 80-90%-ы комплестік рудалардың үлесіне тиеді. Жалпы күмістің 45%-і қорғасынмырыш, 18%-ы мыс, 10%-ы алтынкүміс рудаларынан алынады. Өндірістік рудалардағы күмістің ең төменгі мөлшері 45 – 50 г/т-дан 350 г/т-ға дейінгі шамада болады. Капиталистік және дамып келе жатқан елдердегі күмістің жылдық өндірісі 7 – 8 мың тонна шамасында. Осы елдердегі күмістің анық және ықтимал қоры 110 мың тонна. Мұның 40 мың тоннасы АҚШ-тың, 23 мың тоннасы Мексиканың, 20 мың тоннасы Канаданың, 16 мың тоннасы Перудің үлесіне тиеді. КСРО-да күміс негізінен комплекстік рудалардан (полиметалл, алтын-күміс рудалары) алынады. Күмістің барланған қоры мен өндіруден Қазақстан КСРО-да бірінші орында. Күміс мұнда негізінен полиметалл, мыс, алтын кендерінің рудаларынан алынады. Жезқазған, Қоңырат, Ақжал, Қарағайлы, Ұзынжал, Қайрақты, Зырянов, Лениногор, Николаев, Тишин, Мырғалымсай, Текелі, Бозшакөл, Майқайың, Бестөбе т.б. кендердің рудаларында түрлі мөлшерде күміс бар.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж., 8 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер