Күләш Ділдәқызы Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күләш Ахметова (25.4.1946 жыл, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын.


Өмірбаяны

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищені, 1973 жылы ҚазМҰУ-ді тамамдаған. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.

«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

2016 жылы Күләш Ахметованың 70 жылдық мерейтойы атап өтілді. Алғашқы іс-шара Жамбыл политехникалық колледжінде басталды.

Марапаттары

  • «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1978) лауреаты,
  • «Құт» кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2006) лауреаты,
  • «Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.
  • «Құрмет» орденінің иегері.
  • Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары

  • Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975
  • Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977
  • Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979
  • Мейірім. «Жалын», 1981
  • Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982
  • Жасыл жағалау. «Жалын», 1984
  • Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985
  • Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987
  • Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987)
  • Наурыз нұры. «Жазушы», 1991
  • Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996
  • Бақ. «Атамұра», 2006
  • Құт. «Дәуір», 2006
  • Махаббат. «Дәуір», 2007
  • Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011
  • День отрады, «Седьмая верста», 2014
  • Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014
  • Орман. «Фолиант», 2015
  • Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015

<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

  • Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған.
  • А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}