Күлкі күні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Aprilsnar 2001.png
Күлкі күні

1 сәуірКүлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен.

Қысташа тарихы

Күлкі күнін адамзат өте ерте кезден бастап атап өткені тарихи жазбаларда бар. Ежелгі эллиндер (ежелгі гректер) бұл күннің шығу тарихын жер асты құдайы Аидтың Деметра құдайдың қызы - Прозерпинаны ұрлап əкетуімен байланыстырады , қанша іздесе табылмаған қыздың жер астынан шыққан дауысы - жалған , жаңғырық. Міне , сол көктем күнін - алдау күні дейді эллиндер өз жазбаларында.

Ежелгі Рим жазушысы Апулей 1 - ші сәуір күлкі құдайы Кизиздің құрметіне өтетін көңілді шараларды суреттеген.

Ежелгі исланд сагалары 1- ші сәуір - алдау күні Англия, Германия, Норвегия, Дания, Швеция т.б. елдерде өтетініне деректер келтіреді.

1- ші сәуірді күлкі күні ретінде атап өту ежелгі индустарда да бар , олар өз құдайы Ситоның туған күні деп есептеп , бір - бірін осы күні күлкі үшін алдаған.

Тіпті бұл күнді халықаралық атеистер күні деп атау да жоқ емес.

Бірде таңертең мәлім қала тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдың даусынан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды.

Ерекшелігі

Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді. 1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады.

Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады.