Күлзина Асқамбайқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күлзина Асқамбайқызы (1941 жылы туған, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас (ауыл)) – медицина ғылымдарының докторы (1993), профессор (1993).

Алматы мемлекет медицина институтын (1964) және Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының аспирантурасын (1971) бітірген.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық ауруханасында дәрігер (1964–66), Алматы мемлекет медицина институтында ординатор (1966–1968), Алматы облысының емдеу мекемелері мен Педиатрия және бала хирургиясы орталығында қызметтер атқарды. 1997 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекет медицина академиясында кафедра меңгерушісі. 1992 жылы «Рецидивирующие хронические неспецифические бронхелегочные заболевания у детей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Асқамбайқызының 50-ден астам ғылым еңбегі жарық көрді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күлзина Асқамбайқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}