Күленов Сәлемхат
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Күленов Сәлемхат (1898, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 2 жылдық мұғалімдер курсын, 1933 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық социалдық егін шаруашылық академиясын бітірген. 1918 – 36 ж. Баянауыл ауданынданда мектеп мұғалімі, Павлодар уездік халық ағарту бөлімінде инспектор, меңгеруші, уездік жер басқармасының меңгерушісі, Павлодар ауданы атқару комитетінің төрағасы болып істеді. 1936 – 37 ж. Алматы облысы кеңшарлар басқармасының бастығы, Қазақ КСР-і кеңшарлар халық комиссарының 2-орынбасары қызметтерін атқарды. 1937 ж. қазанда тұтқындалып атылды. 1957 ж. қыркүйекте ақталған. <ref>Қазақстанның халық комиссарлары (1920 – 1946), А., 2004.</ref>
Дереккөздер
<references />