Күлбану Есжанқызы Әшімова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күлбану Есжанқызы Әшімова 1953 жылы 18 мамырда Талдықорған қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Бөрліқожанов Есжан. Анасы - Берліқожанова Күләш. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының театр факультетін бітірген (1996), театр және кино актері. Қазақ, орыс және неміс тілдерін біледі. 1970 жылдан - «Гүлдер» Республикалық ансамблінің балет әртісі. 1974 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актрисасы. 1978 жылдан - Алматы жас көрермен театрының актрисасы. 1978 жылдан - «Гүлдер» Республикалық ансамбліның балет әртісі. 2004 жылдан бері - Республикалық неміс драма театрының актрисасы. Келесі спектакльдерде ойнайды: «Қобыланды» (Қарлығаш); «Келіндер көтерілісі» («Нигара»); «Ант» (қыз); «3-ші Ұрпақ» (Француз бикесі); «Әпке» (Камила); «Бүгін мейрам, бүгін той» (қыз); «Батыр Зариф» (Алтын құс); «Немецкий как иностранный» (Француз бикесі); «Благотворительный но- вогодний спектакль» (Түлкі); «Детектив каменного века» (халық кеңесшісі); «Миры в переходах» (Джойс); «Войцек» (ана); «Карлик Hoc» (Әже, Травозная сиқыршы, княгиня Сузерен, саудагер); «Папаня!» (Ешкі); «Дай жару!» (Хильдегард); «Дон Жуан приходит с войны» (Жесір, актер). «Перекресток» телехикаясына түскен (Шолпан). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Ұлы - Олжас.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub