Күкіртті сутек, сульфидтер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Oiuioiuio.JPG
КИПП апаратында әр түрлі газдар алуға болады

Физикалық қасиеттері

Күкіртті сутектің өзіне тән жағымсыз иісті (шіріген жұмыртқа иісіндей), түссіз, улы газ.

Химиялық қасиеттері

Күкіртті сутек суда нашар ериді. Нәтижесінде екі негізді, әлсіз күкіртті сутек қышқылы (лакмус пен метилоранжды қызартатын) түзіледі. Оның тұздары сульфидтер деп аталады.
Күкіртті сутек қышқылы сатылы диссоциацияға түседі.Сілтілік және сілтілік жер металдары суда жақсы ериді. Ауыр металдардың сульфидтері суда аз ериді немесе ерімейді.

Күкірттің сутекті қосылысы күкіртті сутек, ол көбінесе вулкан газдарында, табиғи шипалы сулардың құрамында кездеседі (Барлық Арасан) және органикалық заттар шірігенде бөлінеді

Күкіртті сутек қышқылы қышқылдарға тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
1) активтік қатарында сутекке дейін тұрған металдармен әрекеттесіп сутегі бөледі:
H2S +Mg = MgS + Н2
2) негіздік оксидтермен тұз және су түзеді:
H2S + ҒеО = FeS↓ + Н20
3) негіздермен әрекеттесіп тұз және су түзеді:
H2S + 2NaOH = Na2S + 2Н20
4) тұзбен әрекеттескенде суда ерімейтін жаңа тұз және жаңа қышқыл түзіледі:
H2S + Pb(N03)2 = PbSl + 2HN03
Бұл реакцияның жүру себебі PbS ерімейтін зат болғандықтан, көбінесе әлсіз қышқыл (H2S) күшті қышқылды (HN03) оның тұзынан ығыстыра алмайды.
+ + S2- + Pb2+ + 2N03 = PbS↓ + 2Н+ + 2N03
Бұл реакцияның толық иондық теңдеуі.

Күкіртті сутек пен оның тұздарын анықтау үшін суда да, қышқылда да ерімейтін қара түсті PbS түзілу реакциясы қолданылады: Pb2+ + S2 -> PbS↓ кыскартылған иондык теңдеуі. Басқа сульфидтерінің де түстері бар. Мысалы, ZnS - ақ, MnS - қызғылт.

Тотығу-тотықсыздану реакцияларында күкіртті сутек қышқылы және оның тұздары тек тотықсыздандырғыш болады. Оның себебі кұрамындағы күкірт ең төмен тотығу дәрежесінде болады.
Қолданылуы H2S - емдік қасиеті бар, буын ауруларын емдеуде күкіртті сутек ванналарында пайдаланылады (Барлық-Арасан, Мойылды шипажайлары).<ref>Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Chem-stub