Күзбенбет-Садыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Күзбенбет-Садыр – ел арасына кең тараған батырлық дастан. Авторы – халық ақыны Әшім Нұрлыбайұлы. 1959 жылы оның өз аузынан филолог ғалым Балташ Ысқақов жазып алып, Қазақстан ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырған.

Дастан оқиғасы халық арасындағы аңыз-әңгімеден алынған. Жырда Күзбенбет пен Садыр батырлардың қалмақтармен соғысы, ел билеушілер, батырлар арасындағы алауыздық баяндалып, бірлік пен ынтымақ арқасында ғана елдік мұратқа жетуге болатындығы баса көрсетіледі. Әшім ақын жазып жырлаған нұсқа толық күйінде жеткен, қара өлең мен жыр үлгісі аралас келеді.

Ақынның өзі кейін жазып, Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына тапсырған дастан нұсқасы алдыңғы нұсқаның жалғасы іспетті. Дастан 11 буынды қара өлең, 7–8 буынды жыр үлгісіне құрылған. Жыр бұрын еш жерде жарияланбаған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Күзбенбет-Садыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}