Кіші қаратау кенді ауданы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫ– өзімен аттас антиклинорий құрылымды қамтитын Тараз қ-нан солт.-батысқа қарай созылған кенді өңір. Негізгі кен байлықтары палеозойдың шөгінді қабаттарымен байланысты. Кенді ауданның атын шығарған төм. кембрий жыныстарымен қабаттасқан әйгілі Қаратау ]]фосфорит]] алабы 100 км-ге созылып, 45 кен орнын біріктіреді. Ең ірілері: Ақсай фосфорит кені, Көкжон фосфорит кені, Шолақтау фосфорит кені. Олар Қаратау, Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан хим. өндірістердің шикізат базасы болып табылады. КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫның жалпы қоры 2 млрд. т-дан астам деп болжанған. Ауданда қазір қоры сарқылған Сүлейменсай, Байжансай сияқты гидротермальды қорғасын-мырыш кен орындары бар. КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫнда әктас, доломит, гипс (Бурыл), шақпақтас (Шабақты, Қызыләуіт), целестин (Тұзкөл) көп тараған, аздаған тас көмір қоры да (Бурыл) ұшырайды. Көкжон жотасында кварц-желілі формацияға жататын алтын кендері барланған. Кішігірім вольфрам-молибден, темір-марганец кендері каледон интрузивтерімен байланысты.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub